ТҮЛЕКТЕРДІҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ
14.11.2022
Мектеп түлектерінің ата-аналарымен ақпараттық кездесулер – кәсіптік бағдар берудің дәстүрлі түрлерінің бірі әрқашан мамандық таңдауда тиімді боп есептелді.
Өйткені, баланың табиғаты мен оның қабілеттерін ең жақын адамдар жақсы біледі, ал бала үшін өмір жолын таңдағанда ана мен әкенің пікірі өте маңызды.
Өткен аптада Павлодар педагогикалық университетінің кәсіптік кеңесшілері қаланың №2,11,17 мектептерінде ата-аналар жиналысына қатысты. Ата-аналарға университеттің білім беру бағдарламалары туралы ақпарат беріліп, мамандық таңдау бойынша кеңестер берілді.
Оқу орнының өкілдері қабылдау комиссиясының жұмыс барысы мен талапкерлерге көрсетілетін қызметтер туралы айтты. Мектептердегі ата-аналар жиналысы форматындағы кездесулер желтоқсан айының соңына дейін жалғасады.