Перейти к содержимому страницы.

TEDx ФОРМАТЫНДАҒЫ СТУДЕНТТІК БАЯНДАМА: ЕЖЕЛГІ МЕСОПОТАМИЯ МҰРАСЫ

15.04.2026

2026 жылғы 15 сәуірде Марғұлан университетінде өтіп жатқан ғылым онкүндігі аясында «Тарих» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері Жанат Ильясов мен Салтанат Даутбекова TEDx форматында бірлескен баяндама ұсынды.

Баяндаманың тақырыбы — «Ежелгі Месопотамияның діни, мифологиялық және әлеуметтік жүйесіндегі Гильгамеш туралы эпос». Онда ежелгі өркениеттер мен олардың мәдени мұрасын зерттеудің өзекті мәселелері қарастырылды.

Баяндамашылар эпостың қалыптасуындағы тарихи-мәдени контексті жан-жақты талдап, оның адамзат өркениетіндегі орнына ерекше тоқталды. Сонымен қатар бұл туындының әлемдік әдебиеттің ең көне ескерткіштерінің бірі ретіндегі маңызы айқындалды.

Іс-шара білім алушылардың ғылыми-зерттеу қызығушылығын арттыруға, білімдерін тереңдетуге және талдау дағдыларын дамытуға бағытталды. Тыңдаушылар талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, пікір алмасты.

Ғылыми жетекші — тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Нурлан Есенгалиевич Кузембаев.