Тағы да спорттық олимпта ППУ студенттеріне тең келер ешкім болмады!
10.06.2021
Таяуда Түркістан облысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған ХІ жазғы Универсиада ойындары өте қызықты өтті. Кілем үстіндегі тартысты айқастар, ымырасыз жекпе - жектер, жанкүйерлердің қуатты қолдауы - осының бәрі байқаудың маңызды өтуіне септігін тигізді.
Универсиаданың финалына шығу үшін біздің палуандарға, еліміздің түкпір-түкпірінен келген студенттер арасында, ең мықты балуандарға қарсы күрделі сынақтан өтуге тура келді! Алдымен, біздің бірінші курс студенттерінің жеңісіне тоқталатын болсақ. Әйелдер арасындағы еркін күрестен қыздар құрамасы 6 құрметті медальға ие болды, оның ішінде 1 күміс және 5 қола. ППУ намысын Ниязбек Карина (2 орын, 68 кг), Амрен Жәмила (3 орын, 59 кг), Жақан Қарагөз (3 орын, 62 кг), Көппаева Асем (3 орын, 62 кг), Мұхан Әлия (3 орын, 68 кг), Кенжали Аружан (3 орын, 65 кг) қорғады.
"Мен мұны біздің студенттер - оқытушылар үшін жақсы нәтиже деп санаймын. Балалар жазғы Универсиадада, дайындықтың қысқа мерзіміне қарамастан, лайықты өнер көрсетті! Айта кету керек, әйелдер еркін күресі секциясы университетте өткен жылдан бастап қана ашылды, сондықтан мен біздің команданың нәтижесін керемет деп санаймын!"- дейді п.ғ. к. Жанар Усина.
Студенттік Универсиаданың қазылар алқасы біздің жоғары оқу орнымызды ең көп медаль жеңіп алған қатысушы ретінде атап өтті. Күресші қыздар ҚР Ғылым және білім Министрлігінің және ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығының алғыс грамоталарымен марапатталды. Студенттер жарысқа дайындалғаны үшін жаттықтырушылар Ж.Усина мен Е. Болжик пен ЖОО басшылығына - сапарды қолдағаны және ұйымдастырғаны үшін үлкен ризашылықтарын білдірді.
Айта кетейік," ХІ жазғы Универсиада " – бұл еліміздің ең мықты спортшыларын спорттың 30 түріне біріктірген ауқымды спорттық-бұқаралық жоба. Универсиада аясындағы жарыстар Нұр-сұлтан, Алматы, Түркістан, Тараз, Қостанай, Өскемен қалаларында өтуде. Қазіргі уақытта 20 университеттің студенттері өзара жарысады. Жеңімпаздар Қытайда өтетін 2022 жылғы Дүниежүзілік жазғы Универсиадада құрама сапында ел намысын қорғайтын болады.