«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» СЫЙЛЫҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ
21.10.2022
Ертіс Баян өңірі талантты, білімді жастарға толы. Жерлестеріміз түрлі деңгейдегі шараларда бой көрсетіп, өңір намысын қорғап жүр. Осы жастарды қолдап қолпаштау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» сыйлығы тағайындалған еді.
«Тәуелсіздік ұрпақтары» премиясы жастарымыздың арналған. 10 номинация бойынша 20 жеңімпаз анықталды. Мен осындай жастарды көргеніме қуаныштымын. Түрлі белестерді бағындырып келесіздер – деді облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов.
Сыйлық алғандар қатарында Павлодар педагогикалық университетінің 1-курс студенті Олеся Жиляева да бар. Ол «Спорт» бағыты бойынша жеңімпаз атанды. Айта кету керек, ол пауэрлифтигтен спорт шебері. Әлемнің 15 дүркін чемпионы.
«Тәуелсіздік ұрпақтары» сыйлығы осымен 4-ші жыл қатарынан өтіп отыр. Осыған дейін «Ертіс дарыны» деген атаумен ұйымдастырылатын. Биыл премияның ерекшелігі ауыл шаруашылығы саласы қосылды, жалпы 10 аталым бойынша өтті.