Перейти к содержимому страницы.

«ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫНДА» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ ӨТТІ

15.12.2023

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Марғұлан Университетінің ғалымдары Кенжекөл орта мектебінің ұстаздарымен бірлесіп «Тәуелсіздік жолында» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге «Тарих» білім беру бағдарламасының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, Марғұлан Университеті жанындағы гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің доценті Бауыржан Әбдірахманов, гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің доценті, философия ғылымдарының докторы (PhD) Айгүл Садықова, 9-11 сынып оқушылары қатысты.

Токат Газиосманпаша университетінің (Түркия) әдебиет және жаратылыстану факультетінің деканы, тарих кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессоры Алпаслан Демир кездесудің құрметті қонағы болды.
Дөңгелек үстелдің жұмыс тілі – ағылшын тілі. Кездесуді «Тарих» білім беру бағдарламасының магистранты Дәурен Сүлекеев жүргізді.

Мектеп басшысы Сандуғаш Ақылжанова құттықтау сөзінде Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында халықаралық деңгейде мойындалған мемлекетке айналғанын атап өтті.
Бауыржан Әбдірахманов өз сөзінде Тәуелсіздік күнін тойлаудың маңыздылығы мен еліміздің басты жетістіктеріне тоқталды. Жиын барысында қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға бағытталған мәселелер талқыланды.

«Тәуелсіздік жолы оңай болған жоқ, талай қиындықтарды еңсеріп, халқымыздың рухы мен алға ұмтылған ерік-жігерінің арқасында біз бүгінде елімізді әлемдегі ең дамыған елдердің бірі ретінде көреміз!» — деп атап өтті өз сөзінде профессор Айгүл Садықова.

Шетелдік ғалым Алпаслан Демирмен «қазақ» этнонимінің пайда болуы мен мағынасына, ХХ ғасырдың басындағы қазақ және түрік зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа, 1997 жылы астананы көшіру себептеріне, т.б. мәселелер төңірегінде пікірталастар студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырды.

Дөңгелек үстел барысында мектеп оқушыларының Қазақ хандығының құрылуы және «қазақ» этнонимінің пайда болуы, Қазақстанның Ресей империясына қосылуы, Қазақстан аумағында жүргізілген патшалық реформалар, «Қазақ хандығының қалыптасуы» туралы баяндамалары тыңдалды. Қазақстан аумағында, екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Қазақстанға автономия беру, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы мен Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері туралы баяндамалар тыңдалды.

Іс-шара өте мағыналы болды. Қатысушылар еліміздің өткені мен болашағы туралы мазмұнды да тәрбиелік мәні зор пікірталас жүргізді.