ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
15.12.2020
Құрметті әріптестер, қымбатты ұстаздар!
Ұлттық қасиетіміз бен құндылықтарымызды ұлықтап, наркескен намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні баршамызға құтты болсын!
Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне қол жеткізгенімізге биыл 29 жыл толып отыр. Еліміздің гүлденіп-көркеюі жолында аянбай еңбек етіп жүрген қазақстандықтарды, ұлағатты ұстаздар қауымы - сіздерді Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Желтоқсан екпінімен келген Тәуелсіздіктің біз үшін қашан да орны бөлек. Батыр бабаларымыздың, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың, бесігін тербеткен ақ жаулықты аналарымыз бен әжелеріміздің ақ тілеуімен қол жеткізген Тәуелсіздікті біз әрқашан мақтан тұтып, қастерлей білуге тиістіміз. Бұл - біздің азаматтық парызымыз, адамдық борышымыз.
Еуразия жүрегінде, өркениеттердің ұштасқан орталығында талай ұлт пен ұлыстың мекеніне айналған ұлы Далада азат елдің азаматы атану да - үлкен бақыт. Қыран құсы қалықтаған көк аспанымыздың астындағы ғұмырымыз бақытты әрі мәңгілік болсын. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Өркениет көшіне ілескен еліміз гүлденіп, көркейе берсін! Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, игілікті ісімізге жетістік, береке тілеймін.
Басқарма төрағасы - ректор
Жанбол ЖИЛБАЕВ
Бізге әлеуметтік желілерде қосылыңыз!
Жоғары оқу орнындағы барлық оқиғадан хабардар болыңыз!