Тарихта тұңғыш рет еркін күрестен ҚР чемпионатында қыздарымыз бақтарын сынады!
21.12.2021
Павлодар педагогикалық университетінің командасы алғаш рет әйелдер арасындағы еркін күрестен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысты.
7-12 желтоқсан күндері Нұр-Сұлтан қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жаңа жекпе-жек сарайында еркін күрестен Қазақстан чемпионаты өтті.
Павлодар педагогикалық университеті командасының қыздары бастапқыда іріктеуден өтіп, әйелдер арасындағы еркін күрестен Павлодар облысының құрама командасына енді.
Павлодар педагогикалық университетінің еркін күрестен әйелдер құрамасының жаттықтырушылары Темірболатов Қайрат Баязитұлы мен Усина Жанар Амангелдіқызы.
Ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатына 2 курстың алты студенті қатысты: 62 келі салмақта Әсем Коппаева мен Жақан Қаракөз, 65 келі салмақта Әмірен Жәмиля, Мұхан Әлия және Кенжали Аружан және Ниязбек Карина 68 келі салмақта. "Қыздарымыз жақсы нәтиже көрсетті, өз салмақтарында үздік ондыққа кірді. Әмрен Жәмиля үшінші орын үшін күресті, өкінішке орай, алматылық спортшыдан жеңіліп қалды", - дейді Жанна Амангелдіқызы.
Университетіміздің еркін күрес командасының қыздары жүлделі орындардан көрінбесе де, өз тарихында алғаш рет Қазақстан Республикасының чемпионатына шықты, бұл қазірдің өзінде үлкен жетістік. Құттықтаймыз!