Перейти к содержимому страницы.

Тарихшылар экспедициясы

30.06.2021

Қазіргі уақытта «Тарих» БББ оқытушылары А.Е.Каримова, А.М.Садыкова, А.С.Аманова және Б.Н.Абдрахманов Успен ауданында 1920-1930 жылдардағы жаппай ашаршылықтан зардап шеккен адамдардың жерлеу орындарына экспедиция өткізуде. Бүгін аудан әкімінің орынбасары Сәуле Олжабайқызы Жүніспаеваның қабылдауында болып, аудан басшылығынан қолдау тапты.

Бұған дейін біздің оқытушылардың экспедициясы облыстың барлық аудандары мен Ақсу және Екібастұз қалаларында өткен болатын. Тарихшылар жаппай ашаршылық пен қуғын-сүргінге ұшырағандар туралы мәліметтер жинады. Сондай-ақ, 1940-шы жылдары басқа өңірлерден Қазақстанға жер аударылғандардың балалары мен немерелерімен сұхбаттасты.

Біздің ғалымдарға берген сұхбатында Ертіс ауданының тұрғыны, депортацияланған немістердің қызы Еригонская Мила Филипповна ата-анасымен 40-жылдардың басында Саратовтан келгенін айтты. Әкесі еңбек армиясына қызмет етуге алынса, анасы Мила Филипповнаға 5 ай болғанда жалғыз қалады. Қазақтар аман қалуға көмектеседі, сол үшін оларға ризашылығын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, біздің оқытушылар аталған тақырыпты зерделеп, үлкен нәтижелерге қол жеткізді. Мысалы, 2020 жылдың қазан айында аға оқытушы Г.М.Тохметованың Павлодар облысына жер аударылған халықтардың тарихы туралы құжаттар жинағы шықты, ал сәуір айында олар осы тақырып бойынша «Ертіс» арнасындағы «Бірінші студия» бағдарламасында қатысты.

Экспедицияның соңғы нүктесі Май ауданы болады деп жоспарлануда.