Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН МҰРАГЕРЛЕРІ: ТАРИХШЫЛАР ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

28.04.2025

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің (Қарағанды қ.) базасында өткен «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша «Абай – мәңгілік құндылықтардың жаршысы» (Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған) тақырыбындағы XVІРеспубликалық пәндік студенттік олимпиада да “Марғұлан Мұрагерлері” тобы жетістікке жетті. Топтың жетекшісі Болат Құдайбергенұлы бастаған Маратов Мейіржан, Ыдырыс Айбек, Маданиев Данат және Омар Ғабдүұһаб сынды талантты студенттер 17 университеттің арасында жекелей сында 2-ші орынға ие болды.

Байқау барысында қатысушылар өздерінің терең білімдері мен тарихи фактілерді меңгеру қабілеттерін көрсетті. “Марғұлан Мұрагерлері” тобының мүшелері байқауға тыңғылықты дайындалып, тарих пәніндегі түрлі тақырыптарды зерттеп, өздерінің білімдерін арттырды. Бұл байқау студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, командалық жұмыс дағдыларын дамытуға және көшбасшылық қасиеттерін көрсетуге мүмкіндік берді.

Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебін құттықтаймыз!