Перейти к содержимому страницы.

ТАРИХШЫ ҒАЛЫМ КЕНЕСАРЫ ХАН ТУРАЛЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ

22.11.2022

Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің "Тарих" білім беру бағдарламасының оқытушы-эксперт Рақышева Гүлмейрам Қайырбекқызы ктіпаханадағы іс-шарада қазақтың ірі мемлекет қайраткері, қолбасшы Кенесары Қасымұлы туралы дәріс оқыды.
Қараша айының 18-күні Орталық қалалық кітапханың оқу залында мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы Кенесары Қасымұлының 220 жылдығына арналған "Кенесары хан тағылымы" атты кеш өтті. Ол кешке кітапханашылар, оқырмандар, студенттер мен т.б. қонақтар қатысты. Кешті екі жүргізуші жүргізді, олар әуелі кештің құрметті қонақтарымен таныстырды.

Бұл кеште Кенесары Қасымұлы туралы мынандай мәліметтер таныстырылды. Ол 1802-1847 жылдары өмір сүрген. Қазақ хандығының соңғы ханы, ұлт-азаттық көтерілістің әйгілі басшысы. Кенесары жайында орыстың зерттеушісі Л. Майер "Кенесарыға көзсіз ерлік тән еді" - деп пікір қалдырған. Сонымен қатар қазақ әдебиетінде І. Есенберлиннің "Қаһар" романы, А. Кенесариннің "Кенесары мен Садық" естеліктер жинағы жайында айтылды.

Іс-шара соңында жүргізушілер барша келген қонақтарға, студенттерге алғыс білдіріп, кешті аяқтады.