Перейти к содержимому страницы.

ТАРИХШЫ - ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ МАМАНДЫҚТАРДЫҢ БІРІ

08.02.2023

Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Тарих» бағдарламасының қауымдастырылған профессоры, т.ғ.к. Нұркен Ерболұлы Күзембаев Павлодар қаласының. Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясында «Өзін-өзі тәрбиелеу – шыңға бастар жол» тақырыбында өткен өзін-өзі басқару күніне қатысты.

Нұркен Күзембаев мемлекеттік тілде оқытатын 3 және 5 сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру «Ғылым дегеніміз не?» тақырыбында сабақтар өткізді. Ғалым студенттерге мемлекеттің қалыптасуы мен дамуының бүкіл процесін қадағалап отыруға көмектесетін тарих ғылымының маңыздылығы туралы айтып берді. Ол тарихшылар адамзаттың өткенін зерттеп жатқанын атап өтті.

Тарихи үдерістер мен фактілерді зерттеп, оларды басшылыққа ала отырып, халықтың, мемлекеттің даму кезеңдерін жаңғыртады. Бұл қызықты мамандықтың өкілдері мұрағаттар, кітапханалар мен мұражайлар қоймаларында құжаттармен тынымсыз жұмыс жүргізеді. Тарихшылар этнографиялық және археологиялық экспедицияларға, түрлі ғылыми форумдар мен конференцияларға қатысады.

Іс-шара қызықты әрі пайдалы болды. Мектеп оқушылары танымал ғалыммен тілдесу мүмкіндігіне үлкен қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойды. Балалар тарихшының қызықты мамандығы және Марғұлан университетіне педагогикалық мамандықтарына түсу мүмкіндіктері туралы көптеген қызықты мәліметтер алды.

Кездесу соңында Павлодар қаласы Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының директоры Қорлан Маратқызы Құспекова жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан зор жеке үлесі үшін профессорға Алғыс хат табыс етті.