Перейти к содержимому страницы.

Тарихи тұлғалар туралы дәріс оқыды

15.04.2022

С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана базасында "Тарих" білім беру бағдарламасының докторанты Р. Қилаш мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне арнап «Тарихи тұлғалардың өмірбаяндарын зерттеу: ғалымдардың көзқарастары мен олардың шеберлігі» тақырыбында ашық дәріс өткізді. Дәріс Павлодар педагогикалық университетінің Гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебінің Ғылым апталығы аясында ұйымдастырылды. Дәріске қатысушылар тарихтағы тарихи тұлғалардың өмірбаяндарын зерттеудің рөлі және кейбір ғалымдардың ерекше жұмыстары туралы білді.