ТАРИХ ПӘНІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ІХ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАДАН ҮШІНШІ ОРЫНМЕН ОРАЛДЫ
17.04.2024
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің студенттері Астана қаласында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де өткен археологиялық-этнографиялық олимпиадаға қатысып, жүлделі үшінші орынмен оралды. Білім сайысы жалпы 5 кезең бойынша өтті. Олимпиадаға Ресей мен Қазақстан университетінің командалары қатысты. Марғұлан университетінің атынан тарих пәні бойынша ИШ-32 тобының 3 курс студенті Искандер Сагизбаев, МТ-31 тобының 3 курс студенттері Диас Ибраев, Мейрамбек Мурсалимов, Райымбек Болатов. Мерилан Машрупов барып, университет намысын абыроймен қорғап қайтты. «Марғұлан бестігі» тобын олимпиадаға дайындаған жетекшісі тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Әйткенов Зият Шайманұлы.
- Олимпиадаға қатысу студенттердің археология және этнография саласындағы білімдері мен дағдыларын көрсетуге, сондай-ақ бірлесіп жұмыс істеу және күрделі мәселелерді шешу қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді. Команда мүшелерінің әрқайсысы жақсы дайындықпен барып, өз білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді, - дейді Зият Әйткенов.