ППУ ТАРИХШЫЛАРЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДЫҢ КУӘЛІГІН АЛДЫ
20.10.2022
«Тарих» білім беру бағдарламасының 2 курс магистранты, тарих пәнінің мұғалімі Лаура Байханова мен Павлодар педагогикалық университетінің PhD докторы, доцент Айгүл Садықова «Тарих сабақтарында саралау әдісін қолдану» бірлескен әдістемелік құралының авторлық куәлігін алды.
Әдістемелік құралда оқыту үдерісінде, сабақты жоспарлауда қолдануға мүмкіндік беретін саралау қағидаттарының, оқыту модельдерінің әдістері мен тәсілдері және тапсырмалардың үлгілері ұсынылған. Сонымен қатар, саралау қағидасы мен оқыту модельдерінің қысқа мерзімді жоспарға кіріктіру жолдары көрсетілген.
Берілген саралау қағидасы мен оқыту модельдерінің әдіс-тәсілдері мектеп оқушыларының ерекшеліктерін ескеріп, оқу қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Әдістемелік құрал жас мамандар мен мектеп мұғалімдері тәжірибесін тиімді дамытуға арналған.