Тарих апталығының салтанатты ашылуы
19.10.2021
Павлодар педагогикалық университетінде Тарих апталығы ашылды. Салтанатты шарада "Тарих" білім беру бағдарламасының жетекшісі Бауыржан Әбдірахманов құттықтау сөз сөйледі. "Тарих апталығы университетте жыл сайын өткізіледі және студенттер үшін үлкен қызығушылық тудырады. Апта аясында өткізілетін іс-шаралар пән бойынша білімді тереңдетуге, теориялық білімді практикада, күнделікті өмірде қолдана білуді қалыптастыруға, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, байланысқа бейімділігін, бастамашылдығын және өзін-өзі дамытуға, сондай-ақ тарихты зерделеумен байланысты мамандыққа кәсіби бағдарлануына ықпал етеді", - деп атап өтті Бауыржан Нариманұлы.
Апталықтың ашылу барысында іс-шараға қатысушылар үшін қызықты тапсырмалар ұйымдастырылып, әлемдік тарихтағы атаулы күндер мен оқиғаларды баяндайтын мазмұнды және қызықты плакаттар, мультимедиялық құралдар ұсынылды. Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар сыйлықтармен марапатталды.
Іс-шараны жүргізген "Тарих" білім беру бағдарламасының білім алушысы, 2 курс магистранты Еркеш Сериктің пікірінше, барлық қатысушылар тарих беттеріне көз салып, көптеген қызықты нәрселерді білуге, шығармашылықпен өздерін көрсетуге мүмкіндік алды.
Тарих апталығы аясында келесі іс-шараларды өткізу жоспарлануда:
* аптаның ашылуы; қатысушылар үшін қызықты тапсырмалар;
* Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Менің Қазақстаным" викторинасы;
* Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бейнероликтерді жаппай қарау (онлайн);
* Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына арналған ЖОО ішіндегі дебат турнирі.
* аптаның ресми жабылуы.