Перейти к содержимому страницы.

ТАРИХ АПТАЛЫҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

25.10.2024

"Тарих" білім беру бағдарламасы өткізген "Тарих апталығының" нәтижелері қорытындыланды. Жоспарға сәйкес "Тарих апталығы" ағымдағы жылдың 21 қазан күні салтанатты түрде ашылып, 21-24 қазан аралығында бірқтар маңызды шаралар өткізілді. Оның ішінде "Жошы ұлысы қазақ мемлекеттілігінің негізі ретінде" атты дөңгелек үстел, мектеп оқушыларына арналған квест-ойын, "Республика күнінің тарихи маңызы" атты ашық дәріс, 1-2 курс студенттеріне арналған "Тарих тапқырлары" интеллектуалдық ойыны бар.
«Тарих» білім беру бағдарламасының жетекшісі, т.ғ.к. Бауыржан Абдрахманов "Тарих апталығының" университетімізде өткізілетін дәстүрлі шара екенін және оның тарихымызды танып-біліп, насихаттауға қосар үлесін, өскелең ұрпақтың отаншылдық сезімін арттырудағы рөлін атап өтті.
Сонымен бірге, жиналған қауымды келе жатқан Республика күнімен құттықтап, апталықты өткізуге ат салысқан оқытушылар мен білім алушыларға алғыс білдірді.
Іс-шараларға белсенді қатысқан оқытушылар, докторанттар, магистранттар мен студенттер диплом мен алғыс хаттармен марапатталды.