Перейти к содержимому страницы.

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ЖАҢА ПРОРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

13.06.2022

Павлодар педагогикалық университетінің тәрбие жұмыыс және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры ауысты. Бұл қызметті бұған дейін тарих ғылымдарының кандидаты Болат Құдайбергенұлы атқарған еді. Болат Құдайбергенұлының басқа қызметке ауысауына байланысты, бүгінгі күнде дейін университеттің тәрбие және әлеуметтік мәселелері саласында атқарғын жемісті еңбегі үшін алғыс білдіреміз. ППУ тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры қызметін ары қарай Мақсат Нығманов жалғастырады. Мақсат Сейткенұлы бұған дейін облыстық білім беру басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Ол 2007-2008 жылдары Павлодар педагогикалық институты ректорының көмекшісі, 2008-2011 жылдары әкімшілік департаментінің директоры, 2011-2014 жылдары әкімшілік басқармасының басшысы, 2015-2016 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті даму және академиялық саясат бөлімінің бас маманы, 2016-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаментінің бас сарапшысы, 2018-2021 жылдары Павлодар педагогикалық университеті тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор қызметтерін атқарған.