ТАНЫМДЫҚ ЭКСКУРСИЯ
23.06.2025
«Дарын » республикалық ғылыми-практикалық орталығы шетелдегі қандастарымыздың балаларын қолдау ретінде ата жұртына келіп, білім алуына мүмкіндік жасап , қазақ тілінін қолдану өрісін кеңейту мақсатында 2004 жылдан бері қазақ тілі мен әдебиетінен қазақ диаспорасы балаларына арналған «Қазақстан - ата жұртым, қасиетім ана тілім» халықаралық олимпиадасын ұйымдастырып келеді.
Олимпиада биыл 22- ші рет ұйымдастырылып, 23-27 маусымы аралығында Павлодар облысы, Баянауыл өңірінде өтеді. Аталған Олимпиадаға Монғолия, Иран, Ресей Федерациясы (Самара, Алтай , Омбы ), Өзбекстан (Заравшан, Тамды , Бостандық аудандары), Қырғызстан мемлекеттерінен 70- ке жуық оқушылар мен олардың жетекші-ұстаздары келді.
Оқушыларға Марғұлан университеті есігін айқара ашып, танымдық экскурсия ұйымдастырды.
