ТАНА МОНШАҚ ЖАСАУ ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ
16.03.2023
Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамы қарсаңында,15 наурыз күні С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Креативті шығармашылық орталығының "Art-Stugio" жобасы шеңберінде Ә.Марғұлан атындаңы Павлодар педагогикалық университетінің "Көркем, еңбек,графика және жобалау " БББ оқытушысы Айгерім Алежанова мен және кәсіптік оқыту шебері Маржан Темирханованың ұлттық нақыштағы "Тана моншақ жасау" шеберлік сағаты өтті.
Шеберлік сыныпқа қала қыз-келіншектері қатысып күнделікті өмірде тағып жүретін заманауи ұлттық нақыштағы әшекей бұйымдарды жасауды үйренді.
Педагогтар қыздарға моншақ, сумоншақ, үкі, түрлі-түсті тастармен безендіріп жасауді үйретті.
– Ежелгі заманнан келе жатқан бейнелеу өнерінің негізгі түрлерінің бірі – сәндік қолданбалы өнер. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері – ұлттық мәдениеттің баға жетпес қазынасы. «Әшекейі жоқ әйел жапырағы жоқ ағашпен тең» демекші, ертедегі қыз-келіншектер, апа-әжелеріміз ұлттық нақыштағы әшекей-бұйымдарын, шашбауларын сылдырлатып, қолдарына жүзік-сақиналарын тағып жүрген. Қазір де қыз-келіншектер күнделікті өмірде әшекейлер тағып жүреді, – дейді Айгерім Алежанова.