Перейти к содержимому страницы.

ТАЛАПКЕРЛЕРМЕН ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ УНИВЕРСИТЕТКЕ ҚАБЫЛДАУ СҰРАҚТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

22.02.2021

Павлодар педагогикалық университеті Instagram әлеуметтік желісінде «Жастар бастамаларын дамыту орталығымен» бірлесе отырып, университетке қабылдау мәселелері бойынша тікелей эфир өткізді. Тікелей эфирде ППУ Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Мусанова Гүлнар Қабдылманатқызы 2021 жылғы ҰБТ-ны өткізудегі өзгерістер, магистратураға түсу мәселелері бойынша талапкерлердің қойған сұрақтарына жауап берді.

Биыл қазақстандық талапкерлер наурыз және тамыз айларында – ақылы негізде оқуға қабылдау үшін, ал маусым-шілде айларында бюджеттік қаражат есебінен білім грантын тағайындау конкурсына қатысады. Наурыз айында болатын ҰБТ компьютерлік форматта өткізілмек. Сондай-ақ ҰБТ-ға қатысушылар тестілеу кезінде арнайы тестілеу орталықтарындағы компьютерлерді қолданады. Ақылы тестілеудің құны – 2242 теңге. Төлемді Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы үйден шықпай-ақ жасауға болады.

ППУ Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Гүлнар Мусанованың айтуы бойынша, компьютерлік форматта тапсырылатын емтиханның тиімділігі – ҰБТ белгілі бір датаға белгіленбейді. Мектеп оқушылары алдын ала үш айдың ішінде тест тапсырудың қолайлы күні мен уақытын таңдап, емтиханды тапсыруға дайындалады.

 Жаңа ережеге сәйкес, грантқа түсу үшін мектеп оқушылары ҰБТ-ны екі рет тапсырып, жоғары деп таңдаған нәтижесін грант конкурсына жібере алады. 

crmi