ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОРЫ МЕН УНИВЕРСИТЕТ ГРАНТЫ БӨЛІНДІ
22.08.2023
Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті қабылдау комиссиясының хабарлауынша, 20 талапкерге «Қазақстан халқына» қорының гранттары, 38 талапкерге университет гранттары берілген.
«Қазақстан халқына» қорының гранттары толықтай аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балаларға берілсе, университет грантына талантты жастар ие болды.
Атап айтқанда «Алтын белгі» иегерлері, спорттық сайыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары және пәндік олимпиадалардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары бар.
«Қазақстан халқына» қорының гранты бойынша студенттерге 40 мың теңге көлемінде шәкіртақы берілсе, университет грантын иеленген студенттер шәкіртақы алмайды.
Аталған гранттар Павлодар облысымен қатар көршілес аймақтардан келген талапкерлерге берілген.
"Қазақстан халқына" қорының гранттарын үлестіру комиссиясының кеңесіне "Ауыл" партиясының мүшесі, облыстық маслихат депутаты Нағима Жүсіпова қатысты.