ТӘЖІРИБЕ 1-КУРСТАН БАСТАЛАДЫ
24.01.2024
Оқу барысында сіз қалай тәжірибе жинап, болашақ мамандықтың қыр-сырын түсіне аласыз? Әрине, практика кезінде. Дәл қазір біздің 1-2 курс студенттері қаламыздың білім беру ұйымдарында педагогикалық практикадан өтуде.
1-курс студенттері үшін бұл олардың педагог ретінде қалыптасуының алғашқы практикасы, сондықтан оны оқу (танысу) деп атайды, енді олар білім беру ұйымына алғаш рет болашақ мұғалім ретінде кірді. Университет студенттерін кәсіби даярлау жүйесіндегі 1-курс студенттерінің бұл педагогикалық практикасы бастапқы буын болып табылады. Практиканың бұл түрінің негізгі мақсаты студенттерге болашақ педагогикалық іс-әрекеттің негіздерін түсіну үшін практикалық жағдайларды қамтамасыз ету болып табылады.
2-курс студенттерінің психологиялық-педагогикалық практикасы ЖОО студенттерін кәсіби даярлаудың үздіксіз жүйесіндегі кезекті кезең болып табылады. Пратиканың бұл түрінің негізгі мақсаты – студенттерге психологиялық-педагогикалық бағыттағы пәндерді оқу барысында қалыптасқан білім мен дағдыларды қолдануға көмектесу.
Қала мектептері әрқашан біздің креативті, шығармашылық, ақылды, талантты жастарымызды асыға күтеді.