МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТАҒЫ БІР СТУДЕНТІ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
03.10.2023
Марғұлан университеті жанындағы өнер және спорт жоғары мектебінің ДШжС – 14 тобының студенті Александра Залюбовская Ханчжоу қаласында (Қытай) өткен ХІХ Азия ойындарында 4х400 микс эстафетасында қола жүлдегер атанды.
Қазақстан Республикасы құрама командасының құрамында әр облыстың спортшылары болды: Ефим Тарасов, Аделина Земс, Дмитрий Коблов. Александра Залюбовская эстафетаға қатысқан Павлодар облысының жалғыз өкілі.
Жоғары командалық рух пен ұйымшылдық танытқан жігіттер мен қыздар жақсы нәтиже көрсетіп, Бахрейн мен Үндістан құрамаларына ғана есе жіберді. Александраның айтуынша, әсіресе Таиланд пен Шри-Ланка құрамаларына қарсы күрес қиын болды. «Дайындық деңгейі өте жоғары, өйткені командаларда әлемнің ең мықты спортшылары ойнады. Бахрейн мен Үндістан құрамалары үлкен айырмашылықпен алға шықты. Бірақ табандылық пен командалық рухтың арқасында біз Шри-Ланка құрамасын басып озып, үшінші орынға қол жеткіздік», - деді Александра.
Александраны Павлодар облысы спорт шеберлігі жоғары мектебінің жоғары санатты жаттықтырушысы Александр Сергеевич Степанковский дайындайды, ол да біздің университеттің түлегі.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының спорт шебері Александра Залюбовская биыл Астана қаласында өткен Азия чемпионы. Жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының үш дүркін жеңімпазы, Буэнос-Айресте өткен жасөспірімдер Олимпиадасының қатысушысы, 400, 200, 800 метрге жүгіруден Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы.