Павлодар облыстық мәслихатында «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті
23.04.2021
Павлодар облыстық мәслихатында «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті.
Жиынға «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасының 12 бағыты бойынша аймақтық қоғамдық кеңестердің төрағалары қатысты.⠀
Партияның облыстық филиалы жанындағы Саяси кеңес бюросының шешімімен аймақтық даму жөніндегі кеңестің төрағалары - Динара Айтжанова, экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау - Серік Садвакасов, экологиялық кеңес - Ирина Чидунчи, сыбайлас жемқорлықпен күрес - Мұрат Хамитов, аграрлық секторды дамыту - Сайлау Уразбаев, партия комитетінің бақылауы - Олег Костенко бекітілді. Отбасы, әйелдер және балалар құқығын қорғау кеңесінің жетекшілері болып - Марина Стрелковская, «Мирас» кеңесі - Жарқынбек Амантай және ұлт денсаулығы жөніндегі кеңес - Света Абдраманова, жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау туралы - Гүлнара Қайдарова, білім мен ғылымды дамыту бойынша - Бақыт Бексейітова, жастарды қолдау бойынша - Мирхат Мұсанап бекітілді.
Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалы жанындағы Саяси кеңес бюросының шешімімен білім мен ғылымды дамыту жөніндегі облыстық қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары болып Павлодар педагогикалық университетінің басқарма төрағасы - ректоры Жанбол Жилбаев бекітілді.