"СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМИ ҮЙІРМЕЛЕРДІҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӘНЕ 'МЕКТЕП-ЖОО' ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫН ДАМЫТУ"
01.11.2024
2024 жылғы 1 қарашада Педагогика жоғары мектебі базасында өткен ғылым комитетінің отырысында студенттік ғылыми үйірмелердің (СҒҮ) жұмыс жоспарларын талқыланды. Қатысқандар ПЖМ м.а. Деканы, білім беру бағдарламаларының жетекшілері, сарапшылар және үйірме жетекшілері (Т.Н. Фомина, З.К. Кульшарипова, Ш.С. Байжекина, А.Е. Жанкураева). СҒҮ жетекшілері 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспарларын ұсынды. Әрбір БББ СҒҮ жетекшілері өздерінің презентацияларымен бөлісіп, онда «Мектеп-ЖОО» интеграциясының маңыздылығы атап өтілді. Қаланың мектептерінде ғылыми үйірмелер құруға ерекше назар аударылып, мектеп оқушыларының зерттеу дағдыларын дамыту және оларды үйірмелердің жұмысына тарту мақсатында кәсіптік бағдарлау жұмыстарын насихаттау маңыздылығы айтылды. «Мектеп-ЖОО» интеграциясы Педагогика жоғары мектебінің болашақ талапкерлерімен жұмыс істеуге бағытталған. СҒҮ жетекшілеріне ұсынылған жоспарларды одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді. «Мектеп-ЖОО» ынтымақтастығының тиімді болуы үшін мектеп оқушыларымен жұмыс ғана емес, сондай-ақ мұғалімдерге түрлі жобаларды, авторлық жұмыстарды жүзеге асыруда ғылыми қолдау көрсету маңызды.