Перейти к содержимому страницы.

СТУДЕНТТЕРГЕ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ ЖӨНІНДЕ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

20.02.2025

Бүгін Марғұлан университетінде жастарды жұмыспен қамту мәселелеріне арналған диалог алаңы өтті. Қатысушылар студенттер мен түлектердің жұмыс іздеуі, сондай-ақ мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы өзекті тақырыптарды талқылады.

Іс-шара спикерлері - Павлодар қаласы «Жұмыспен қамту орталығының» бөлім басшысы Болат Файзулин. Ол сұранысқа ие мамандықтар, жұмыс берушілердің негізгі талаптары және табысты жұмысқа орналасуға қажетті кеңестер берді.
MU Мансап орталығының жетекшісі Майра Байтанаева мансапты жоспарлау, түйіндеме жазу және әңгімелесуге дайындық бойынша пайдалы кеңестерімен бөлісті.

Студенттер мен түлектер сарапшылардан өздеріне керекті кеңестер алды деген ойдамыз. Тағылымдамадан өту мүмкіндіктері мен жастарды жұмыспен қамту бағдарламалары туралы білді.

Осындай іс-шаралар жас мамандарға қазіргі еңбек нарығында өз орындарын адаспай табуға, өз болашақтарына пайдалы мансаптық жол қалыптастыруға көмектеседі.