СТУДЕНТТЕРГЕ ЕСІРТКІНІҢ ЗИЯНЫ ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ
27.10.2023
Бүгін Марғұлан Университетінде «Жастар арасында синтетикалық есірткінің зияны және нашақорлықтың зардаптары» атты дәріс өтті.
Павлодар облысы прокуратурасының прокуроры Ерген Мұқатаев студенттерге есірткі заттарының зияны туралы, синтетикалық есірткі заттарын және оларды қолдану нәтижесінде пайда болатын тәуелділікті қоса алғанда, оларды пайдалану нәтижесінде туындайтын, есірткі айналымының жаңа нысандарының алдын алуға және оған қарсы тұруға бағытталған қылмыстық заңнаманың негізгі жаңалықтары туралы.
Мысалы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1-бабының 1-бөлігі «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау» 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды, ал 2-бөлігінде – 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Студенттер есірткінің таралуына қарсы белсенді азаматтық ұстанымды ұстануға, салауатты өмір салтын ұстануға және жастар арасында кез келген қауіпті заттардың жарнамасы мен таралуына қарсы тұруға шақырылды.