Перейти к содержимому страницы.

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ

20.11.2023

Павлодардағы «Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінде» ата-аналарға арналған психологиялық тренинг-практикум өтті. Оған Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті педагогика жоғары мектебінің вице-деканы Арай Рахымжанова қатысып, баяндама жасады.

«Ата-аналардың инновациялық академиясы» әлеуметтік ынтымақтастығы аясында «Оpen space» ашық кеңістік форматында  өткен шара «Барлығы отбасынан басталады: бала мен қоғам, мәдениетті қарым-қатынас» тақырыбына арналды. Шара барысында әке-ана рөлі, балалармен қарым-қатыснастың жаңа практикалық әдістері сөз қозғалды. Қатысушылар тарапынан кері байланыс жасалып, сұрақтарына жауап алды.
«Қазіргі уақытта ата-ана мен бала арасында жақсы қарым-қатынас орнату оңай дүние емес. Ұйымдастырып жатқан психологиялық тренингіміз әрбір қатысушыға өмірде пайдасы тиеді деп сенеміз», - деді педагогика және психология ғылымдарының магистрі  Арай Рахымжанова.