Перейти к содержимому страницы.

СТУДЕНТТЕРДІ ҒЫЛЫМҒА ҚАЛАЙ ҚЫЗЫҚТЫРАМЫЗ?

21.04.2025

«Жаратылыстану бағыты бойынша білім алушылардың ғылыми қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында шеберлік сағаты өтті.
Ғылым онкүндігі аясында Жаратылыстану жоғары мектебі базасында «Жаратылыстану бағыты бойынша білім алушылардың ғылыми қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында шеберлік сағаты өтті. Іс-шараға жаратылыстану ғылымдары саласында зерттеушілік құзыреттерді дамытуға қызығушылық танытқан студенттер, магистранттар және оқытушылар қатысты.

Шара барысында мазмұнды баяндамалармен жаратылыстану жоғары мектебінің профессоры Жұмабекова Б.К. және қауымдастырылған профессоры Асылбекова Г.Е. сөз сөйледі. Спикерлер студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың заманауи тәсілдерімен бөлісіп, теориялық білімді нақты ғылыми жобаларда қолданудың және тәжірибеге бағытталған оқытудың маңыздылығын атап өтті.

Шеберлік сағаты барысында оқытушылардың білім алушылармен бірлесе жүргізетін жобалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы жеке тәжірибесіне айрықша назар аударылды. Сондай-ақ студенттерді ғылыми қызметке тартудың тиімді әдістері мен табысты тәжірибелер мысалдары ұсынылды.

Қатысушылар шеберлік сағатының ақпараттылығы мен практикалық бағыттылығын жоғары бағалап, оның болашақ жаратылыстану мамандарының ғылыми ойлауын қалыптастырумен кәсіби дағдыларын дамытудағы маңыздылығын атап өтті.