Перейти к содержимому страницы.

СТУДЕНТТЕР «ҰЛЫЛАР ЖОЛЫ» ТУРЫНА ШЫҚТЫ

30.06.2023

Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің студенттері «Ұлылар жолы» турын бастады. Мақсаты - оқуда жоғары жетістіктерге жеткен үздік және белсенді студенттерге облысымыздың киелі орындарын көрсетіп, ұлы тұлғалардың өмір-тарихымен таныстыру.

Аталмыш студенттер туры қазақтың ұлы ойшылы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 165 жылдығына орай ұйымдастырылып, Павлодар облысы Баянауыл ауданының киелі жерлеріне бару жоспарланған.

Сапардың екінші аялдамасы Баянауыл ауданындағы Мәшһүр Жүсіп кесенесі және мұражайы. Мұражайда Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің еңбектері және құнды жәдігерлері сақталған. Студенттер кесене маңында сенбілік ұйымдастырып, экологияның тазаруына өз септіктерін тигізді.

Одан кейін Құндыкөл ауылындағы Әлкей Марғұлан атындағы орта мектепке барып, білім мекемесімен және мұражайымен танысты. Сонымен қатар, тағы бір қатар тарихи орындарға бару жоспарланған.

Студенттер үшін осындай мүмкіндіктер бергені үшін Марғұлан университетінің басқарма төрағасы - ректор Ж.Жилбаевқа және басқарма мүшелеріне, жастар саясаты департаментіне алғысымызды білдіреміз.