СТУДЕНТТЕР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚАРСЫ ЗАҢНАМАМЕН ТАНЫСТЫ
27.02.2026
Кеше Павлодардағы Әлкей Марғұлан атындағы педагогикалық университетінде профессор-оқытушылар құрамына арналған семинар өтті. Жиында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы және жоғары оқу орнының комплаенс-қызметінің жұмысы мәселелеріне тоқталды.
Спикер ретінде университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицері Шерхан Коканов сөз сөйледі.
Семинар барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін көзделген жауапкершілік түрлері, қолданыстағы заңнамадағы жаңашылдықтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелері жан-жақты қарастырылды.
Спикердің атап өтуінше, Марғұлан университеті жоғары этикалық стандарттарды, ашықтық қағидаттарын және адал өзара іс-қимылды ұстанады. Жоғары оқу орны корпоративтік мәдениетті жүйелі түрде дамытып, басқарудың озық тәжірибелерін енгізіп, іскерлік беделін нығайтып келеді.
Кездесу қорытындысында комплаенс-офицер қатысушыларға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін қатаң жауапкершілік көзделгенін еске салды.


