СТУДЕНТТЕР «САМҒА, ҚАЗАҚСТАНЫМ!» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРСЫН БАҒЫНДЫРДЫ
28.11.2022
Жақында Астана қаласында «Самға Қазақстаным» атты ІІ халықаралық конкурс-фестивалі өтті. Оған Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педогогикалық университеті өнер және спорт жоғары мектебінің «Музыкалық білім беру» бағдарламасының студенттері қатысып, ерекше өнерлерімен көзге түсті.
Байқаудың «Вокал» бағыты бойынша өнер көрсеткен Темірбай Смағұл (МБ-21қ) конкурстың бас жүлдесін жеңіп алса, Уахит Әлнұр (МБ-31) 1 орынды қанжығалады. Ал Сағындыкова Амина (МБ-21) есімді студентімізге 2 орын бұйырды.
«Ансамбль» бағыты бойынша: Адараш Тұлпар, Сахабек Жаркынгүл, Сәкен Назарбек, Абылайхан Асылбек сынды студенттерден құралған (МБ-41) квартет-ансамблі бас жүлдені жеңіп алды.
«Аспапта ойнау» бағыты бойынша өнерін ортаға салған Құнанбай Жайдар (МБ-31) бас жүлде иегері атанса, Байдильдин Еламан (МБ-21қ) 1 орынды еншіледі.
Байқау жетекшісі, Музыкалық ББ оқытушысы: Кисатова Салтанат Тасболатқызы.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!