Перейти к содержимому страницы.

СТУДЕНТТЕР ПРЕЗИДЕНТ БАҒДАРЛАМАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

28.11.2022

Бүгін Павлодар Педагогикалық Университетінің Е.Бекмаханов атындағы кітапханада студент жастармен кездесу өтті. Мұны Президент Қ.К.Тоқаевты салтанатты ұлықтау рәсімінен кейінгі, қайта Президент болып сайланғаннан кейінгі алғашқы жиын десек те болады. Кездесуге "Жастар рухы" жастар қанаты облыстық филиалы жанындағы "Жастар кеңесінің" менеджері Данель Козкина, тарих ғылымдарының кандидаты Қанат Қанафин, кітапхана директоры Роза Игібаева қатысып, мемлекет басшысының “Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін” деп аталатын бағдарламасымен таныстырды. Атап айтар болсақ, биыл өткен референдум нәтижесі бойынша енді мемлекет басшылығына келген тұлғалар тек 7 жыл ғана тақта отырады. Кездесу барысында осы секілді елеулі саяси өзгерістердің орын алып жатқаны хабарланды.

Атап өтетін болсақ, Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы 20 қарашада өтті. Сайлауға барлығы алты үміткер қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 81,31% дауысын жинады.