Перейти к содержимому страницы.

СТУДЕНТТЕР ЛЕЙЛА АХМЕТ ОСМАННЫҢ ЖЕКЕ КӨРМЕСІНЕ БАРДЫ

20.02.2025

«Көркем еңбек, графика және жобалау» білім беру бағдарламасының студенттері қазақстандық-америкалқ суретші Лейла Ахмет Османның жеке көрмесінің ашылуына қатысты. Павлодар облыстық Н.Нұрмұхамедов атындағы көркемсурет музейінде өткен «Жол әндері» көрмесі көптеген өнерсүйер қауымның назарын аударып, қаланың мәдени өміріндегі маңызды оқиғалардың біріне айналды.

Көрмеде суретшінің 30-дан астам жұмысы ұсынылды, онда ол Шығыс дәстүрлері мен заманауи көркемдік бағыттарды шебер үйлестірген. Лейла Ахмет Османның шығармашылығы әртүрлі жанрларды қамтиды. Мысалы мифологиялық сюжеттерге толы гобелендерден бастап графикалық дизайн мен анимацияға дейін. 2012 жылы ол сәттілік пен армандардың орындалуын білдіретін Lucky Turtle брендін құрды.

«Жол әндері» көрмесі студенттер үшін пайдалы болды, оларға талантты суретшінің жұмыстарымен танысуға және өнер саласындағы білімдерін кеңейтуге бірегей мүмкіндік берді.