СТУДЕНТТЕР ҮЙІНЕ ӨТІНІШ БЕРУ 17 ТАМЫЗДА БАСТАЛАДЫ
16.08.2023
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде екі студенттер үйі жұмыс істейді. Университетте білім алушы студенттерге арналған жатақханалар толығымен дайын болды. Енді білім алушы жастар №1 және №2 студенттер үйіне тұруға өтініш бере бастайды. Өтініштер 17-21 тамыз аралығында қабылданады. Өтінімдерді студенттер ppu.edu сайтында онлайн түрде бере алады. Ал жатақханаларға орналастыру жұмысы 23 тамыздан басталады. 1-2 курс студенттері – 23-24 тамыз күндері, 3-4 курс студенттері – 25-28 тамыз күндері орналасады.
Жатақхана төлеміне байланысты бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар мен мүгедектігі бар студенттер қажетті құжаттарын ұсынған жағдайда тегін тұру мүмкіндігі беріледі.
Студенттер үйіне орналасу үшін студенттер 23 тамыздан бастап келесі құжаттарды тапсыруы керек:
• жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
• жолдама (бас ғимараттың 100-бөлмесі);
• флюорографиялық зерттеу нәтижелері туралы анықтама (2-4 курс студенттері үшін);
• туберкулезге қарсы ұйымда есепте тұрмағаны туралы анықтама (egov/kz);
• психоневрологиялық ұйымда есепте тұрмағаны туралы анықтама (egov/kz);
• фотосурет 3*4 (2 дана);
• «Foundation» бағдарламасы бойынша студенттерді міндетті медициналық сақтандыру
• төлем түбіртегі;
• жеке құжаттарға арналған папка (жол папкасы);
• төсек құралдары.
Студенттер үйлерінде тұру ақысы: №1 Студенттер үйінде тұрудың 10 айына 120 000 теңге; №1 Студенттер үйінде – 10 ай тұруға 150 000 теңге. Төлемді Kaspi.kz, Forte bank, Halyk банкі арқылы жасауға болады.