Перейти к содержимому страницы.

СТУДЕНТТЕР «ЭКО ЧЕЛЛЕНДЖ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

07.10.2022

Павлодар педагогикалық университетінің студенттері облыстық «Жасыл ел» штабы ұйымдастырған экологиялық науқанға қатысты. Шараның негізгі мақсаты қала көшелері мен өзен жағалауын тұрмыстық қалдықтардан тазарту.

Усолка мөлтек ауданының аумағында ұйымдастырылған ауқымды акцияға павлодар қаласының әкімі Асайын Қуандықұлы Байханов қатысып, ақжарма тілегін білдірді. Ол өз кезегінде - Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Павлодар облысына сапары барысында өңір студенттерінің белсенділігін ерекше атап өткендігін тілге тиек етті. Сонымен қатар, осындай экологиялық бағыттағы науқандарға белсене қатысу – патриоттық сезімді оятып, арттыратындығын алға тартты.

«Эко челлендж» акциясына павлодар педагогикалық университетінің атынан 30-ға жуық студент қатысты. Ұстаздар ордасының студенті, университет белсендісі Батырхан Асқарұлының сөзінше: мұндау көлемді шаралар жиі ұйымдастырылып тұруы керек. Себебі, бұндай жұмыстар біріншіден тазалық орнататын болса, екіншіден студенттер арасындағы қарым-қатынасты нығайтады. Сол себепті киелі қара шаңырақтың студенттері қоғамдық шаралардан қалыс қалмайды.

Айта кету керек, «Эко челлендж» акциясын Павлодар педагогикалық университеті жастар ісі жөніндегі комитеті бастаған. Бүгінде ауқымы кеңейіп, қалалық деңгейде ұйымдастырылып отыр. Ал, «Жасыл ел» сарбаздары тазалық жұмыстарын биылғы маусымның соңына дейін жалғастыра бермек ниетте.