Перейти к содержимому страницы.

СТУДЕНТТЕР Е.БЕКМАХАНОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

03.03.2025

Марғұлан университеті Е.Бекмаханов атындағы кітапханада көрнекті ғалым, тарих ғалымдарының докторы, Қазақстан тарих ғылымының негізін қалаушылардың бірі Ермұхан Бекмахановтың 110-жылдығына арналған іс-шара ұйымдастырылды.

Шара барысында ғалымның өмір жолы, еңбектері мен тарихи мұрасы туралы баяндалды. Студенттер «Павлодар облысының 100 тарихи тұлғасы» жобасы бойынша шыққан «Ермұхан Бекмаханов: Тарих ізімен» атты фильмді тамашалап, тарихшының күрескерлік рухын терең сезіне алды.

Шараға қатысушылар арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесімен танысып, Е.Бекмахановтың зайыбы Халима Адамқызының естелігін тыңдады. 

Айта кетерлігі, Е.Бекмаханов кезінде “ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан” атты еңбегі үшін әділетсіз қуғынға ұшыраған болатын. Бүгінгі күні оның ғылыми мұрасы мен тарихи еңбектері өскелең ұрпақты отансүйгіштік пен ұлтжандылыққа тәрбиелейтін құнды еңбек болып табылады.