Перейти к содержимому страницы.

СТУДЕНТТЕР ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР ЖИНАҒЫН ӘЗІРЛЕУДЕ

14.06.2022

Педагогика жоғарғы мектебінің "Дефектология" мамандығының 3-курс студенттері  "Арнайы және жалпы білім беру ЕББҚ бар балаларды оқытудың нейропсихологиялық негіздері"  оқу бағдарламасын аяқтады. Педагог-эксперт Шабанова Болды Анасовнаның жетекшілігімен дәрістер мен тәжірибелік сабақтарға қатыса отырып, студенттер педагогикалық тұрғыда жетілді.  Бағдарлама қорытындысы ретінде Нейропсихологиялық ойындар мен тапсырмалар жинағын шығарды. Студенттер жинақты "Аружан" логопедиялық орталығында практикалық сабақтарда орындай отырып құрастырды. Қазіргі уақытта кітапша сынамалы нұсқа түрінде жинақталған.

Жоспар бойынша алдағы уақытта студенттердің дипломдық жұмысты жазуда, қорғауда Нейропсихологиялық және нейрологопедиялық әдістерді  ЕББҚ бар балаларды дамыту тақырыптары бойынша қосымша көмек береді.