Перейти к содержимому страницы.

СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА САЙЫС ӨТТІ

18.04.2023

Марғұлан университетінің Ғылым онкүндігі аясында Педагогика жоғары мектебінің “Арнайы педагогика” білім беру бағдарламасы студенттері үшін ғылыми брейн-ринг ұйымдастырылды. Шара аталған жоғары мектептің оқытушы-сарапшысы Әсем Ахметованың жетекшілігімен өтті. Интеллектуалдық сайысқа СП-31 тобы қатысты. Сайыс бірнеше кезеңді қамтыды. Студенттер топтарға бөлініп, қызықты тапсырмаларды орындады. Атап айтқанда “Жасырылған сөзді тап!”, “Артикуляциялық жаттығуларды тап және көрсет!”, “Қызықты викторина” және сайыстары болды.

- Жарыс өте қызықты әрі тартысты өтті. Студенттер топтық жұмыс кезінде iзденiп, бiлiмдерiн ортаға сала бiлдi. Брейн-ринг материалдары арнайы педагогика және логопедия пәндері негізінде құрастырылды, - дейді Әсем Ахметова.