СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА ШАХМАТТАН ЖАРЫС ӨТТІ
16.04.2024
Жақында университет студенттері арасында шахматтан жарыс өтіп, оған барлық жоғарғы мектеп студенттері қатытсы. Марғұлан университетінде бұндай турнир алғаш рет өтіп отыр. Жарыс қызықты әрі тартысты болды.
Сайыс нәтижесінде ұлдар арасында l орынды Дтжс-11 тобының студенті Темірболатов Сайлау, ll орынды Дтжс-12 тобының студенті Аймакенов Аманжол, lll орынды Дтжс-25 тобының студенті Манарбек Нұрберген иеленді. Қыздар арасында l орынға Қтә-21 тобының студенті Жақсыбаева Айдана, ll орынға Шта-33 тобының студенті Егінбай Карима, lll орынға Қтә-25 тобының студенті Жұмабай Сәуле ие болды. Жүлделі орындардан бөлек көптеген номинациялар да берілді. Атап айтатын болсақ , "Үздік жас ойыншы","Белсенді ойыншы", "Ең ұзақ ойын" номинацияларымен Қуанған Бауыржан, Өскенбаев Көпжан, Куц Иван, Тілеген Береке, Ахмедия Асылжан, Исмаилова Жания сынды студенттер марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сыйлықтармен, медаль және дипломдармен марапатталды.