МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ ТАЭКВОНДОДАН АБСОЛЮТТЫ ЕУРОПА ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
25.09.2023
Солтүстік Кипрдің Гирне қаласында GTF толық контактілі таэквондодан Еуропа чемпионаты өтті. Жарысқа 18 елден 700-ден астам спортшы қатысты: Ресей, Қазақстан, Армения, Норвегия, Кипр, Түркия, Иран, Канада, Болгария, Ирландия, Норвегия, Африка, Молдова, АҚШ, Малайзия және т.б. Кілемде палуандар хьёнги және спарринг-масоги үлгілері бойынша жарысты.
Марғұлан университеті өнер және спорт жоғары мектебінің ДШжС-26 тобының студенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасы сапында өнер көрсеткен Артём Граблев 18 жастан асқан жігіттер арасында 77 келі салмақ дәрежесінде Еуропаның абсолютті чемпионы атанды.
Артем қатысқан төрт жекпе-жектің бәрінде де табандылық танытып, сенімді жеңістерге жетті. Ол бірінші белдесуінде Оңтүстік Африка Республикасынан келген қарсыласымен, екінші белдесуінде Болгария спортшысымен, үшіншісінде Ресей Федерациясының спортшысымен кілемге шықты. Финалда Артем Кипр аралынан келген қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.
Айта кетейік, үшінші жекпе-жектен кейін Артем қолынан ауыр жарақат алып, жарыстан бас тартуы мүмкін еді. Бірақ ауырсынуды жеңе отырып, Артем күресті жалғастырды және жарыстың қорытындысы бойынша Еуропа чемпионатының абсолютті жеңімпазы атанды!
Спортшыны бір кездері таэквондодан Азия чемпионы атанған жоғары санатты жаттықтырушы Сұлтанғазин Қален Есболатұлы 15 жылдан астам уақыт бойы жаттықтырды.
Айта кетейік, бұған дейін Артем Граблев жастығына қарамастан Еуразия чемпионы – 2021, Азия чемпионы – 2020 және Еуропа чемпионы – 2019 атанды.