XVIII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР СЛЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ
25.04.2022
Павлодар педагогикалық университетінің студенттері Astana IT University қабырғасында өткен Қазақстан Студенттер альянсының XVIII республикалық студенттер слетіне қатысты.
Қазақстанның барлық өңірлерінен жастар ісі жөніндегі комитеттердің, Студенттік парламенттер мен Қазақстан Студенттер альянсының 300-ден астам төрағалары мен белсенділері студенттердің өзекті мәселелерін талқылауға жиналып, студенттік қоғамдастықты дамытудағы тәжірибелерімен бөлісті.
Сондай–ақ, слет қатысушылары 2022 жылдың 15 сәуірінде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың қатысуымен өткен "тәртіпті жас-парасатты азамат" республикалық форумына қатысты.
Жиынға 17 облыстан жоғары оқу орындары мен колледждерден 400-ден астам студент қатысты.
Отырыс аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы Студенттік істер жөніндегі кеңестің отырысы, Министр Асхат Қанатұлы Аймағамбетовпен кездесу, TEDx баяндамасы, тимбилдинг, спорттық және мәдени іс-шаралар өтті.
Сонымен қатар, «АСҚ» және «Альянс Зымыран» әндерінің тұсаукесері, «Альянс» студенттік сериалының көрсетілімі, белсенді студенттерді Білім және ғылым бірінші вице-министрі Ш.Кариновтың Алғыс хатымен марапаттау рәсімі өтті. орын.
Біздің университеттен Байтанат Батырхан, Кайруллаева Айсана, Қайкен Жасұлан, Кенжетаева Аймгуль, Ермекұлы Ернұр, Қайрақан Аружан, Рамазан Айғаным и Ольжабаева Анель және т.б. Жастар ісі жөніндегі Комитетінің белсенді студенттері қатысты.