Студенттік пікірсайыс қозғалысы бойынша ҚР БҒМ министрімен онлайн-кездесу
21.05.2021
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің басшылығымен студенттік пікірсайыс қозғалысы бойынша онлайн кездесу өтті.
Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жетекшісі Р.П. Шер оқушылар мен студенттердің пікірсайыс қозғалысының жай-күйі мен даму перспективаларын атап өтіп, волонтерлік пікірсайыс жобаларын жандандыру, мектеп және ЖОО пікірсайыстарын интеграциялау қажеттігін баса айтты. Кеңеске тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректордың м.а. О.К. Андрющенко, Жастар саясаты департаменті және тәрбие жұмысы жөніндегі вице-декандар қатысты.
Кеңес қорытындысы бойынша ППУ Жастар саясаты департаменті ЖОО мен мектеп дебат клубтарын біріктіру, тренерлер мен спикер-дебатерлерді дайындау, студенттік деканатты құру бойынша ұсыныстар енгізді.