СТУДЕНТТІК КӘСІПКЕРЛІК ЭКОЖҮЙЕСІ
28.07.2020
27 шілде мен 19 тамыз аралығында ERG, Almaty Management University және Қазақстандағы «Тель-Авив университетінің Достар қауымдастығы» онлайн режимінде YbyraiCamp жазғы кәсіптік білім беру мектебін ұйымдастырады.
YbyraiCamp – бұл кәсіптік білім беру саласындағы адам әлеуетін нығайтуға, кәсіпкерлікті оқытуға арналған тұжырымдамалар мен құралдарға қол жеткізуді және түсінуді жақсартуға бағытталған «Студенттік кәсіпкерлік экожүйесі» жобасының әріптестері мен білім беру мекемелерінің қызметкерлері үшін ұйымдастырылған жазғы мектеп.
YbyraiCamp спикерлері мен қонақтары – кәсіптік білім саласындағы практиктер, бизнес-жаттықтырушылар, белсенді кәсіпкерлер мен бизнесмендер.
YbyraiCamp жазғы мектебінің жұмысына Павлодар педагогикалық университетінің оқытушылары да қатысады.