СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ: ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ЖОЛЫ
26.02.2026
Павлодардағы Әлкей Марғұлан атындағы педагогикалық университетінде студенттердің қазақстандық спорттың танымал өкілдерімен кездесуі өтті. Құрметті қонақ ретінде Қазақстанның волейболдан еңбек сіңірген жаттықтырушысы Талғат Қасымов және Паралимпиада ойындарының Токио күміс жүлдегері Зарина Байбатина шақырылды.
Спорт үздіктері осы өнердегі жетістікке жету жолдары мен қиындықтары, жоғары нәтижеге жетуде тәртіп, мінез және өз-өзіне деген сенімнің маңызы жайында ой бөлісті.
Зарина Байбатинаның спорттық мансабы — нағыз қайсарлықтың үлгісі. Ақсу қаласының тумасы, олимпиадалық резервтегі спорт мектебінің түлегі ретінде ол дзюдодан жоғары нәтижелерге қол жеткізген. Алайда көздің тор қабығының сырқатына байланысты үлкен спортты тоқтатуға мәжбүр болды. Осы уақытқа дейін ана атанып, 2019 жылдан бері парадзюдомен айналысуда. Сол жылы Азия чемпионатында күміс жүлде, кейін Токиода өткен Паралимпиада ойындарында тарихи медальға қол жеткізді.
Айта кетейік, Зарина Байбатина Марғұлан университетінің түлегі. Яғни бүгінде білім алып жатқан студенттердің алдағы уақытта үлкен жетістіктерге қол жеткізуге серпін берері анық. Спорт ардагерлерімен кездесу шарасы студенттер Паралимпиада ойындарының жүлдегерлеріне қызықтарған сұрақтарын қойып, жақынырақ танысты.








