Перейти к содержимому страницы.

СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

25.05.2022

Павлодар педагогикалық университетінің студенттерімен Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістерді түсіндіру бойынша кездесу өтті. Кездесуге Павлодар облыстық "Жасыл ел" штабының командирі Р.Самекова, "New vision team" ҚҚ  басшысы Р.Рахымжанов және Павлодар қаласы азаматтық штабы басшысының орынбасары А.Оралхан, Қазақстан  қоғамдық және қалалық штаб мүшелері қатысты. Олар еліміздің негізгі Заңының редакциясына ұсынылған өзгерістерді және дауыс беру барысын түсіндірді. Кездесу барысында жастар ҚР Конституциясының жекелеген баптарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға қатысты көптеген сұрақтар қойып, белсене талқылады.