СТУДЕНТТЕРГЕ САЙЛАУ ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ
05.02.2021
4 ақпан күні Дүниежүзілік сайлау күніне орайластырып, гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі мен жастар саясаты департаменті Қазақстандағы сайлау құқығының тарихы жайында дәріс өткізді.
Дәріскерлер ретінде гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты К.Канафин және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры, PhD докторы А.Садықова сөз сөйледі.
Спикерлер «Тарих» және «Шет тілдері» білім беру бағдарламаларының студенттеріне сайлау құқығының тарихы, ҚР сайлау ережелері, демократиялық принциптер және тақырып төңірегіндегі өзге де мәселелер туралы дәріс оқыды. Қанат Қинаятұлы мен Айгүл Маратқызы өздерінің дәрістерін қорытындылай келе, студенттердің азаматтық ұстанымдарын белсенді түрде көрсетуге шақырды.
Дәріс тек залдағы тыңдаушылар үшін ғана емес, Zoom платформасында да онлайн режимінде өткізілді.