ӨНЕР ЖӘНЕ СПОРТ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ
24.02.2020
2020 жылдың 20 ақпанында «Құқық және экономика негіздері» ББ студенттері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі өткізген «Нормативтік құқықтық актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасы" оқыту семинарына қатысты. Қазақстанда парламентаризмді дамыту қорының, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Республикалық арнайы мониторингтік тобының сарапшылары нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізу мақсаттары мен міндеттерін, кезеңдерін, құрылымы мен мазмұны бойынша қорытындыны көрсетті, сондай-ақ лингвистикалық тұжырымдамаларды, заңнамалық келісімділікті, ашықтықты және ақпаратқа қол жеткізуді, тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруды, сыбайлас жемқорлық факторларын бақылау тетіктерін қарастырды. Семинарға қатысушылар алған білімдерін практикалық жаттығуларда бекітті. Семинар қорытындысы бойынша студенттер сертификаттар алды.