Перейти к содержимому страницы.

СТУДЕНТТЕР ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

09.10.2024

Бүгін “Арнайы педагогика” білім беру бағдарламасының СП-11 және СП-21 топтарының студенттері мен топ жетекшісі Мурзатаева Алтынайдың бастамасымен облыстық психоневрологиялық балалар орталығына барды. Іс-шара мүгедектер күніне орай ұйымдастырылды. Студенттер ерекше балалар үшін “Бауырсақ” ертегісін сахналық қойылым ретінде ұсынды.

Мақсаты – балаларға моральдық қолдау көрсетіп, олардың эмоционалдық жағдайын жақсартуға ықпал ету. Студенттер балалармен қарым-қатынас жасап, олардың көңілінен шығуға тырысты. Олардың кәсіби дағдылары мен әлеуметтік жауапкершілігі бұл іс-шара арқылы нығая түсті.

Кездесу аясында балалармен байланыс орнату және оларды қолдау мақсатында түрлі ойындар ұйымдастырылып, шығармашылық жұмыстар көрсетілді. Бұл тәжірибе студенттердің болашақ мамандықтары бойынша құзыреттіліктерін дамытуға және арнайы білім беру саласында алған білімдерін іс жүзінде қолдануға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, студенттер балаларға шағын сыйлықтар табыстап, волонтерлік қызмет аясында көмек көрсетті.