СТУДЕНТТЕР ДИКТАНТ ЖАЗДЫ
04.05.2023
Бүгін еліміздің барлық облысында білім беру мекемелерінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша «Еркін елдің ұрпағы» тақырыбында жалпыұлттық патриоттық диктант жазу рәсімі болды. Аталған шара Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде де ұйымдастырылып, студенттер «Еркін елдің ұрпағы» тақырыбында мәтіні бойынша жазды. Диктант мақсаты - еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін дәріптеу, ұлттық құндылықтарды жастардың бойына сіңіру. Мемлекеттік тілдің меңгеру деңгейін анықтау, сауатты жазу дағдысын қалыптастыру. Сонымен қатар, диктант мазмұны арқылы ел мен жерге деген сүйіспеншілікті арттыру.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының жетекшісі Майгүл Оразханованың айтуынша біздің университетте диктант 4 аудиторияда өтті. Оған барлығы қазақ және орыс топтарында оқитын 250 студент қатысты.